Челсидің жартылау қорғаушысы, Астанаға қарсы ойынға қатыспайды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Лондондық "Челси" клубының жартылай қорғаушысы Чезаре Касадеи 12 желтоқсанда өтетін "Астана" командасына қарсы Конференция лигасының ойынына қатыспайды, деп хабарлады Sports.kz сайты.
21 жастағы итальяндық футболшы турнирдің 4-ші турындағы "Хайденхаймға" қарсы өткен ойында тікелей қызыл қағаз алды. Бұл ойында "Челси" 2:0 есебімен жеңді. Лондондық команданың сапында Кристофер Нкунку мен Михайло Мудрик гол соқты.
"Астана" мен "Челси" арасындағы кездесуде 12 желтоқсан күні Алматы уақытымен 20:30 да өтеді.