«Челси» ерекше тәсілмен Чемпиондар лигасы тарихына енді
Команданың болашағы сенімді қолда
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Айтарлықтай жасартылған «Челси» құрамы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-туры аясында «Аякс» командасын ойсырата жеңді.
Амстердамдықтардың қақпасына 19 жастағы Марк Гиу мен Тирик Жордж, сондай-ақ жасы 18-дегі Эстеван гол соқты.
«Челси» УЕФА Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет бір ойында үш түрлі жасөспірім ойыншысы гол соққан команда атанды.
Сонымен қатар, «Челси» «Аяксқа» қарсы ойында Чемпиондар лигасының матчында бірінші таймда төрт гол соғып, 14 жылдан бері алғаш рет осындай нәтижеге қол жеткізді.