«Челси» Чемпиондар лигасы матчында алғаш рет 14 жылдан кейін алғашқы таймда төрт гол соқты
«Пенсионерлердің» қаһарына «Аякс» ұшырады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Лондондық «Челси» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында «Аяксты» қабылдауда. Алғашқы таймда «пенсионерлер» қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, төрт бірдей гол соқты.
Қызығы, «Челси» Чемпиондар лигасы матчтарының алғашқы таймында төрт голды соңғы рет 2011 жылдың қазан айында Бельгияның «Генк» командасына қарсы ойын барысында соққан болатын.
Лиганың жалпы кезеңіндегі екі турдан кейін «Челси» үш ұпаймен турнирлік кестенің екінші жартысында орналасқан. Ал «Аякс» 36 команданың ішінде бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы орынға түсіп қалды.
Бұған дейін біз «Челси» жанкүйерлерінің Сатпаевтың «Қайраттағы» даму барысына алаңдаулы екенін хабарлаған едік.