locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бруну Лаже: Үзіліс ойынды қайта қарауға мүмкіндік берді – біз бұл сәтті тиімді пайдалана алдық

«Бенфика» бас бапкері «Окленд Ситиге» қарсы ойындағы жеңіс, тактикалық өзгерістер жайлы айтты
Футбол 21 мау 2025 02:43
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бруну Лаже: Үзіліс ойынды қайта қарауға мүмкіндік берді – біз бұл сәтті тиімді пайдалана алдық
ФОТО: Getty Images

Лиссабондық «Бенфиканың» бас бапкері Бруну Лаже клубтық әлем чемпионаты-2025 топтық кезеңінің екінші турында Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» командасын 6:0 есебімен ірі жеңгеннен кейін өз ойын білдірді.

Кездесу Inter & Co Stadium аренасында өтті, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты екі сағаттан астам уақытқа тоқтатылды.

«Матч барысындағы үзіліс бізге алаңдағы жағдайды тереңірек талдауға мүмкіндік берді. Біз тактикалық өзгерістер енгіздік, әсіресе жартылай қорғаушылар мен орталық қорғаушылардың орналасуын өзгерттік. Олар қарсыласқа жақынырақ ойнап, допты жиі тартып ала бастады. Сонымен қатар, ойыншыларды алмастырып, командаға жаңа күш қостық. Бұл – өте ауыр ойын болды», – деді Лаже ФИФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Енді «Бенфика» келесі ауыр қарсылас – мюнхендік «Бавариямен» болатын ойынға дайындалып жатыр.

«Алдымен қалпына келіп, кейін келесі кездесуге барынша мұқият дайындалуымыз керек. «Бавария» – өте жоғары деңгейдегі команда. Олар алаң бойында қарсы ойыншыларды жеке бақылауға алып, агрессивті қорғаныспен ерекшеленеді. Біздің мақсат – ойынға жақсы жоспар құрып, жеңіске жету», – деді португалиялық маман.

Айта кетейік, топтық кезеңнің алғашқы турында «Бенфика» аргентиналық «Бока Хуниорс» клубымен 2:2 есебімен тең ойнаған болатын. Ал «Окленд Сити» Мюнхеннің «Бавариясынан» 0:10 есебімен ойсырай жеңілді – бұл турнирдің әзірге ең ірі нәтижесі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie