locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ауа райы бөгеді, бірақ құтқара алмады: КӘЧ-тің екінші турында «Бенфика» «Оклендті» тас-талқан етті

Үзілістен кейінгі ойран: «Бенфика» «Окленд Ситиді» тас-талқан етті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ауа райы бөгеді, бірақ құтқара алмады: КӘЧ-тің екінші турында «Бенфика» «Оклендті» тас-талқан етті
ФОТО: Getty images

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 2-турда Лиссабонның «Бенфикасы» Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» клубын 6:0 есебімен күйрете жеңді. Inter & Co Stadium аренасында өткен кездесу қолайсыз ауа райына байланысты екі сағаттан астам уақытқа тоқтатылды. Алайда ұзақ үзіліс португалиялық клубты тоқтата алмады - алаңға тың серпінмен шыққан команда қарсыласын толық басымдықпен жаншыды.

Бірінші таймның қосымша минуттарында Анхель Ди Мария пенальтиден есеп ашты (45+8′). Ал үзілістен кейін «Бенфиканың» шабуылы шектен шығып, голдар қарша борады: Павлидис (53′), Саншеш (63′), Баррейру (76′, 78′) кезек-кезегімен көзге түсіп, матч тағдырын түбегейлі шешіп тастады. 90+8-минутта Ди Мария тағы бір пенальтиді дәл орындап, дубль авторы атанды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Топтық кезең. C тобы. 2-тур

«Бенфика» – «Окленд Сити» – 6:0

Голдар: Ди Мария, 45+8 (пен.), 90+8 (пен.); Павлидис, 53; Саншеш, 63; Баррейру, 76, 78

Матч ауа райының қолайсыздығына байланысты екі сағатқа тоқтатылды.

Қос тур қорытындысы бойынша португалиялық ұжым 4 ұпай жинап, әзірге C тобының көшін бастап тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie