locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Брендан Роджерс «Селтиктен» кетті: даулы отставкадан соң клубтың жаңа бапкері кім болады?

Шотландиялық гранд Еуропадағы сәтсіздіктерден кейін бас бапкерсіз қалды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Брендан Роджерс «Селтиктен» кетті: даулы отставкадан соң клубтың жаңа бапкері кім болады?
ФОТО: Getty Images

Шотландиялық «Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс команда тізгінін тапсыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Жарияланған мәлімдемеде клуб басшылығы маманның жетістіктерін ерекше атап өтті:

«Біз Бренданға екі жарқын кезеңде атқарған еңбегі мен жетістіктері үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ол «Селтиктің» өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты және клуб тарихында өз ізін қалдырды. Алдағы уақытта оған сәттілік тілейміз».

Клуб басшылығы жаңа бапкер іздеу жұмыстарын бастап кетті және жақын арада жанкүйерлерге жаңа тағайындау туралы хабарлайтынын уәде етті. Әзірге бас бапкердің міндетін клубтың аңыз тұлғалары — бұрынғы коуч Мартин О’Нил мен экс-«Селтик» ойыншысы Шон Мэлоуни уақытша атқарады.

Брендан Роджерс шотландиялық ұжымның тізгінін 2023 жылдың жазында қолға алған болатын. Екі маусымда ол елдің барлық ішкі трофейін — чемпионат, кубок және лига кубогын ұтып алды. Бұл оның Глазгодағы екінші кезеңі еді: бұған дейін де маман 2016-2019 жылдары команданы басқарған.

Алайда биылғы маусым сәтсіздікпен басталды. «Селтик» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмады — екі матчта да гол соға алмай, пенальти сериясында қазақстандық «Қайратқа» жол берді. Еуропа лигасында да жағдай оңай емес — «Брагаға» жеңіліп, «Црвена Звездамен» тең ойнау команданың жағдайын қиындатты.

Ұлттық чемпионаттың тоғыз турынан кейін «Селтик» турнир кестесінде екінші орында келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie