locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилия Аргентинадан жеңілгеннен кейін бас бапкер Доривал Жуниорды қызметінен босатты

ФОТО: gettyimages.com

Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) бас бапкер Доривал Жуниормен келісімін тоқтатты.

Бұл шешім Аргентинадан 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін қабылданды. Бұл нәтиже – Бразилия тарихындағы ең ауыр іріктеу кезеңіндегі жеңіліс. Ұйым басшылығы маманға алғыс білдіріп, жаңа жаттықтырушы іздеуге кірісті.

Доривал 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін команда тізгінін ұстағанымен, тұрақты нәтиже көрсете алмады. Оның басқаруымен Бразилия 16 ойын өткізіп, жеті рет жеңіске жетіп, алты кездесуді тең аяқтады, екі рет жеңілді. Сонымен қатар, іріктеу кезеңінде бесінші рет жеңіліп, 2001 жылдан бері болмаған сәтсіз серияға тап болды.

Неймар жарақатына байланысты құрамадан тыс қалып, бұл команда ойынына әсер етті. Сондай-ақ, Доривал Америка Кубогындағы сәтсіздік үшін сынға алынды. Ол турнирде Бразилия Уругваймен 0:0 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында ұтылып, ширек финалда жарыстан шығып қалды. Шабуылда Винисиус Жуниор, Родриго және Рафинья сынды жұлдыздар болғанына қарамастан, команда әлсіз ойын көрсетті.

ESPN Brasil мәліметінше, Бразилияның жаңа бапкері ретінде «Аль-Хилаль» клубын жаттықтыратын португалиялық Жорже Жезус басты үміткер саналады. Сондай-ақ, бұл орынға Карло Анчелоттидің де есімі аталғанымен, италиялық маман «Реалда» қалатынын мәлімдеді.

Бразилия маусым айында Эквадор және Парагваймен ойын өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie