«Брайтон» - «Ливерпуль» - 3:2. Чемпионға қарсы ерік-жігер. Голдар және матчқа бейнешолу
19-нан 20 мамырға қараған түні Англия Премьер-лигасының 37-туры аясында «Брайтон» өз алаңында «Ливерпульді» 3:2 есебімен сенсациялық түрде жеңді. Маусым соңына жақындаған кездесу көрермендерге тартыс пен эмоцияға толы футбол сыйлады.
Қонақтар ойынды қарқынды бастап, 9-минутта Харви Эллиотт есеп ашты. Ал алғашқы таймның қосымша минуттарында Доминик Собослаи таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді. Алайда үзілістен кейін алаң иелері мүлде басқа ойын көрсетті. Ясин Аяйри есепті қысқартса, Каору Митома мен Джек Хиншелвуд соққан голдар «Брайтонға» ерік жігердің үлгісін көрсетіп, жеңіс әкелді.
Маусымның соңғы турында, 25 мамырда, «Ливерпуль» өз алаңында «Кристал Пэласты» қабылдайды, ал «Брайтон» Лондонда «Тоттенхэмге» қонаққа барады.
Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.