locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бородин Қайсардың қаржылық мәселелері туралы айтты

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бородин Қайсардың қаржылық мәселелері туралы айтты
ФОТО: Getty Images

Бұрынғы қызылордалық "Қайсар" жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородин клубтағы қарыздар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Football.by.

"Менің кетуімнің басты себебі – әрине, қарыздар. Біз Қызылордада толыққанды өмір сүрдік: қызым ақылы балабақшаға барды, жұбайым жұмыс істеп, қатар оқыды. Екі жыл бойы ешқандай қиындық болған жоқ, бірақ өткен жазда төлемдер кешіктіріле бастады. Егер бізге ақшаның қашан болатынын, қарыздың қай уақытта өтелетінін ашық айтқанда, түсіністікпен қарар едік. Бірақ бізге тек уәделер берілді: "Бір-екі апта күтіңіз – бәрі шешіледі". Біз күттік", – деді Бородин.

Белоруссиялық футболшы 2022 жылдан бері Қазақстанда ойнайды. "Қайсарға" ауысқанға дейін ол шымкенттік "Ордабасы" командасының намысын қорғаған.

Өткен маусымда Бородин "Қайсар" сапында барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Тәжірибелі қақпашы Непогодов Ұлытауда мансабын жалғастыруы мүмкін

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie