Тәжірибелі қақпашы Непогодов Ұлытауда мансабын жалғастыруы мүмкін
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Дмитро Непогодов Жезқазғанның "Ұлытау" клубында қаралымнан өтуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
36 жастағы қақпашы – киевтік "Динамо" академиясының түлегі. 2006-2009 жылдары ол Францияның "Олимпик Марсель" командасында өнер көрсетіп, негізінен жастар құрамында ойнады.
Өз мансабында Непогодов әртүрлі лигаларда доп теуіп, Донецкінің "Металлург", Ереванның "Бананц", Полтаваның "Ворскла", Одессаның "Черноморец" және Хмельницкийдің "Подолье" командаларында қақпашы болды.
Қазақстанда ол "Тобыл", "Ордабасы" және "Астана" клубтарының намысын қорғады. 2018-2020 жылдары ұлттық құраманың шақыртуын алып, 13 матчта алаңға шықты.