Болат Есмағанбетов жас ойыншыларды жалақы үшін қосалқы құрамға отырмау керектігін айтты


Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы әрі танымал футбол сарапшысы Болат Есмағамбетов Премьер-лиганың 4-туры аясында өткен «Астана» – «Ордабасы» матчынан кейін орын алған даулы жағдайға қатысты пікірін білдірді. Е
Ойыннан кейін елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаянға бір журналист ұлттық құраманың қажеттілігін алға тартып, неге жас қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік бермейтінін сұраған еді.
Бұл сұраққа Бабаян ашулы түрде жауап қайтарды.
«Мұның құрамамен қандай байланысы бар? Ертең менің командам ұтылып қалса, маған не дейсіз? “Жарайсың!” деп айтасыз ба?» — деді бапкер.
Осы оқиғаға байланысты Болат Есмағамбетов кейбір командаларда қазақстандық жас футболшылардың шынайы мүмкіндікке ие болмай отырғанын алға тартты.
«Егер командада маған: «Сен маған керек емессің» десе, мен кетем. Себебі маған ойын тәжірибесі керек. Онсыз мен бір жылдан кейін ешкімге қажет болмай қалам. Олар не күтіп отыр? Не үшін отырасыңдар? Айлық үшін бе? Әлде Конферения Лигасында ойнап, шетелге шыққанды ма? Намыс болу керек. Мен бір ғана бапкерді кінәламаймын» — деді ол «Спорт-Пульс» YouTube арнасына берген сұқбатында.
Болат Есмағамбетов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 7 матч өткізіп, 3 гол соққан.
Қазіргі таңда Премьер-лиганың төрт турынан кейін «Астана» 10 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59