«Бұл Алонсо жасауы тиіс соңғы нәрсе». Британдық журналистер Сатпаевқа қатысты «Челсиге» кеңес берді
Football.london басылымының журналистері Джейк Стоукс пен Бобби Винсент лондондық «Челси» сапындағы қазақстандық форвард Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Сатпаевтың видеоларын қарап отырып, оның өте талантты жас ойыншы екеніне көз жеткіздім, алайда 17 жаста Премьер-лигаға дайын болу – бұл үлкен сынақ. Осы себептің өзі-ақ оны жалға жіберу керек деп ойлаймын. «Страсбург» қазақстандық жасөспірім үшін үлкен футболда дамуын жалғастыруға тамаша мүмкіндік болар еді. Сондықтан жалға беру – ең дұрыс шешім», – деп жазды Винсент football.london-ға арналған мақаласында.
Ал Стоукс былай деп толықтырды: «Челси» Сатпаевты жалға жіберуі керек. 17 жастағы шабуылшы үшін тұрақты ойын тәжірибесі жинау – орындықта отырудан әлдеқайда маңызды, әсіресе ол матчтық өтінімге ілінсе ғана. Сатпаевқа дамуға, қателіктерінен сабақ алуға уақыт пен мүмкіндік қажет. Алонсо жасауы тиіс соңғы нәрсе – Жоао Педро қолжетімсіз болғанда немесе «көктер» жеңіліп жатқанда оны алаңға тастай салу».
Сатпаевтың «Челси» сапына ауысуы тамыз айында күтіледі.