«Біздің команданың быт-шытын шығарды». Смақов — Алматыдағы ойсырай жеңілу туралы
«Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов Алматыда өткен «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойында ірі есеппен жеңілгеннен кейін шәкірттерінің ойынына қанағаттанбайтындығын білдірді.
Ол бірінші таймда командасы ойынды мүлде сәтсіз өткізгенін атап өтті.
«Бүгін біздің қорғаушылар алғаш рет футбол алаңына шыққандай әсер қалдырды. Мүмкін, қобалжыған болар, біреуі жанкүйерлер қысымынан сескенген шығар. Тіпті, ойын алдындағы нұсқауда: "Кімде-кім қорқатын болса, алаңға шықпаңдар. 0:3 техникалық жеңілісті қабылдаймыз", — деп айттым. Солай болды да. Бүгін біздің команданың быт-шытын шығарды», — деді Смақов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Семейлік ұжымның бапкері жеңілісті өз мойнына алып, тактикалық жоспар мен ойын схемасын таңдауда қателік жібергенін, соның салдарынан қорғаныста өрескел қателіктерге жол берілгенін мойындады.
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турынан кейінге қалған ойында «Қайрат» нағыз голеада жасады, «Жетісуды» ойсырата жеңді — есеп 5:0. Бұл матчтың қалай өткенін мына сілтемеден оқи аласыз.