«Бізде гол соғатын бірнеше нақты мүмкіндік болды». «Олимпия» «Қайратқа» қарсы тең ойынды ойынды қанағат тұтпады
Словениялық «Олимпия» клубының бас жаттықтырушысы Хорхе Симао УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» қарсы өткен алғашқы кездесуден кейін ойынға баға берді. Люблянада өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Баспасөз мәслихаты барысында маман өз командасының әрекетіне риза болғанын айтты, алайда жіберіп алған мүмкіндіктер үшін өкінетінін жасырмады.
«Жалпы алғанда, команда ойын деңгейі көңілімнен шықты. Бізде гол соғатын бірнеше нақты мүмкіндік болды. Жақсы ойнадық, бірақ қарсыластың жылдам шабуылы нәтижесінде гол жіберіп алдық», - деді бапкер.
Оның айтуынша, ойыншылар жіберілген голдан кейін жігер танытып, алаңдағы жағдайға бейімделе білді:
«Қарсылас есеп ашқан соң, бізге тактикалық тұрғыдан да, эмоциялық жағынан да қайта қалпымызға келу қажет болды. Бұл жағынан команда өзін жақсы қырынан көрсетті».
Сондай-ақ, ол шабуыл мен қорғаныс арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығына тоқталды:
«Жауапты кездесуде шабуылға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Бірақ қорғанысты да ұмытпау маңызды. Біз тек бір сәтте тепе-теңдікті жоғалттық - сол кезде гол соғылды. Қалған уақыт бойы, әсіресе бірінші таймда, ойынды толық бақылауда ұстадық».
«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді. Осы матчтың қорытындысы бойынша қай команда екінші іріктеу кезеңіне жолдама алатыны анықталады.