locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тартысты тең ойын. «Қайрат» пен «Олимпия» бәрін Алматыда шешеді

«Қайрат» Люблянадан тең есеппен оралды: Сәтпаев Еурокубоктағы алғашқы голын соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Тартысты тең ойын. «Қайрат» пен «Олимпия» бәрін Алматыда шешеді
ФОТО: Қайрат ФК

8 шілде күні Любляна қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесу өтті. Бұл ойында алматылық «Қайрат» Словенияның «Олимпия» клубымен сырт алаңда тең ойнады – 1:1.

Кездесудің 59-минутында алматылық команданың 16 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев есеп ашты. «Қайраттың» талантты вундеркинді шабуыл сәтін тиімді пайдаланып, допты қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Бұл - оның Еурокубоктардағы алғашқы голы.

Алайда көп ұзамай алаң иелері есепті теңестірді. 66-минутта «Олимпия» ойыншысы Диогу Пинту мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Чемпиондар лигасы. 1-іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Олимпия» (Словения) — «Қайрат» (Қазақстан) — 1:1 (0:0)

Голдар: Диогу Пинту, 66 – Дастан Сәтпаев, 59

Осылайша, екі команда алғашқы ойында жеңімпазды анықтай алған жоқ. Жауапты матч 15 шілде күні Алматыда өтеді. Дәл сол кездесуде қай клубтың келесі кезеңге жолдама алатыны белгілі болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie