Бірінші таймда бес гол! «Сельта» мен «Барса» нағыз шоу жасады
Левандовски дубльмен көзге түсті
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
Бірінші таймда бес гол! «Сельта» мен «Барса» нағыз шоу жасады
10 қарашаға қараған түнде Испания Ла Лигасының 12-турында «Сельта» мен «Барселона» өзара кездесуде.
Бірінші таймда командалар нағыз голды шоу ұйымдастырды! Нәтижесінде, «блауграна» қонақта 2:3 есебімен алда келеді.
Серхио Каррейра мен Борха Иглесиастың голдарына «Барса» Роберт Левандовскидің дублі және Ламин Ямальдың дәл соққысымен жауап берді.
Ла Лига. 12-тур
«Сельта» - «Барселона» 2:3 (2-тайм өтіп жатыр)
Голдар: Каррейра, 11, Иглесиас, 43 – Левандовски, 10 (пенальтиден), 37, Ямаль, 45+4.
Сондай-ақ, «Манчестер Сити» «Ливерпульді» ойсырата жеңіп бірінші орындағы «Арсеналға» жақындады.