«Барселона» Левандовскийдің хет-тригімен Ла Лигадағы матчта «Сельтаны» жеңді
10 қарашаға қараған түні Испания Ла Лигасының 12-турында «Сельта» мен каталониялық «Барселона» өзара кездесті.
Бірінші таймда командалар нағыз гол шоуын ұсынды! Нәтижесінде, «блауграна» бірінші таймды 2:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Серхио Каррейра мен Борха Иглесиастың голдарына «Барса» Роберт Левандовскийдің дублімен және Ламин Ямальдың голымен жауап берді.
Екінші таймда поляк шабуылшысы каталондықтар үшін тағы бір гол соқты.
Қорытындысында, «Барса» сырт алаңда 2:4 есебімен жеңіске жетті!
Испания Ла Лигасы. 12-тур
«Сельта» - «Барселона» - 2:4 (2:3)
Голдар: Каррейра, 11, Иглесиас, 43 – Левандовский, 10 (пенальтиден), 37, 74, Ямаль, 45+4.
«Сельта» 13 ұпаймен Ла Лигада 13-орында тұр. «Барселона» 28 ұпаймен Испания чемпионатында екінші орында келеді.