Бірінші лига көшбасшысы аутсайдерге қарсы жеңісті ұстай алмады
18-турда өткен «Ақтөбе Ж» мен Қарағандының «Шахтері» арасындағы матч жанкүйерлерге голға толы, әсерлі ойын сыйлады.
Алаң иелері ойынды қарқынды бастап, жылдам есеп ашты – Хасен Артурулы командалық шабуылды түйіндеді. Көп ұзамай Әділбек Бегімов мергендігімен көзге түсіп, «Ақтөбе Ж»командасының басымдығын екі допқа жеткізді. Бұл есеп жеңіске жеткізердей көрінгенімен, «Шахтер» бой бермеді. Алдымен Арман Нусип алшақтығын қысқартса, артынша Максим Галкин таразы басын теңестірді.
Қалған уақытта екі команда да жеңіс голын соғуға тырысты, алайда қорытынды есеп өзгеріссіз қалды. Бұл тең нәтиже алаң иелеріне маусымдағы жетінші ұпайын әкелсе, қонақтар турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі орнын сақтап қалды.
Бірінші лига, 18-тур
«Ақтөбе Ж» — «Шахтер» — 2:2 (2:0)
Голдар: Хасен Артурулы, Әділбек Бегімов — Арман Нусип, Максим Галкин.