«Бавария» «Ливерпульге» Диас үшін ұсыныс жасады, бірақ қатты бас тартты: не болады?
Мюнхендік «Бавария» 28 жастағы колумбиялық Луис Диасты 67,5 млн еуроға сатып алуды ұсынды.
Алайда, «Ливерпуль» клубы бұл ұсынысты дереу қабылдамады.«Ливерпуль» Диаспен осы жазғы трансферлік терезеде қоштасуды жоспарламайды және тек 100 млн еуро басталатын ұсыныстарды қарастыруға дайын. Соңғы бірнеше маусымда колумбиялық ойыншы команда үшін маңызды рөл атқарып, керемет нәтижелер көрсеткен. 2024/2025 маусымында Диас 50 матч өткізіп, 17 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған және оның нарықтық бағасы Transfermarkt мәліметі бойынша шамамен 70 млн еуро. Егер «Ливерпульмен» келіссөздер нәтиже бермесе, «Бавария» балама ретінде «Арсенал» ойыншысы Леандро Троссарды қарастыруда.