«Бавария» Диасқа балама тапты – Троссар
Мюнхендік клуб бельгиялық ойыншыға қызығушылық танытып отыр
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Мюнхеннің «Бавариясы» «Ливерпульдің» және Колумбия құрамасының вингері Луис Диасты сатып алу мүмкін болмаған жағдайда, «Арсенал» шабуылшысы Леандро Троссарды балама нұсқа ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы Bild басылымы хабарлайды.
30 жастағы бельгиялық футболшы 2023 жылдың қаңтарында «Брайтоннан» 24 миллион еуроға «Арсеналға» ауысқан болатын.
2024/2025 жылғы маусымда Троссар 56 матчқа қатысып, 10 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.
2018 жылдан бастап Бельгия құрамасына тұрақты шақырылып келеді. Ұлттық құрама сапында 44 ойын өткізіп, 10 гол мен 5 ассистпен көзге түсті.
Мен бәрін еңсеріп келемін»: Луи ван Гал қатерлі ісікпен күресі жайлы ашық айтты.