Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ: \"Тараз бірінші лигада ойнауы - мен үшін өкінішті\"
26-жастағы Қазақстан құрамасының, сондай-ақ Ыстамбұл "Бешикташының" қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Қазақстанның футбол федерациясына үлкен сұхбат берді, онда футболшы Түркиядағы өмірі, мансабының басталуы туралы айтып, құрамадағы жағдайды бағалады.
Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ: "Құрамаға шақырту алған кезде көңіл-күй әрқашан жақсы болады"
Бахтиер футболшының өмірі оңай емес екенін және көпшіліктің футболшы болу өте күшті деген пікірі - ондай емес деп бөлісті. Себебі отбасылық мерекелер мен маңызды оқиғалар еленбейді, ол соңғы жеті жылда Қазақстанда тұрмағанын атап өтті.
"Менің жиенім бар, оның өскенің көрмеймін және бұл мен үшін оңай емес"
Ол өзінің туған жері "Тараз" футбол клубының жағдайы жайлы бөлісті.
“Тараз" бірінші лигада болуы - мен үшін өкінішті, менің ойымша олар бұндай дәрежеге лайықты емес және де бірінші лигадан жоғары болу керек"
Сондай - ақ, Бешикташ академиясында ойнайтын Қазақстанның жастап құрамасының ойыншысы Аламгир Смаков жайлы да әнгіме қозғалды, Зайнутдинов Самат Смаковтың жарлығымен жас жерлесіне бейімделуге көмектесіп, оны қарсы алды.
"Біз оны күтіп алдық, қолымыздан келгенін айттық, мен оның әрқашан менің көмегіме сене алатынын айттым" - ҚФФ-на берген сұхбатында.