locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ: \"Құрамаға шақырту алған кезде көңіл-күй әрқашан жақсы болады\"

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ: "Құрамаға шақырту алған кезде көңіл-күй әрқашан жақсы болады"
ФОТО: KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық командаға шақырту алған сайын сезінетін әсерлері және бұл сәттерді ерекше ететін нәрселер туралы айтып берді.

“Құрамаға шақырту алған кезде көңіл-күй әрқашан жақсы болады, өйткені командада достарым бар. Бірге кешкі ас ішу, қазы жеп, қымыз ішу - былай қарағанда қарапайым нәрсе болуы мүмкін. Бірақ Стамбұлда мүндай мүмкіндігім жоқ. Сондықтан болар осындай нәрселерді сағынамын. Достарыммен құрамада өзіміздің асты ішу - сағынамын.”, — деді Бақтиер КФФ-ке берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Зайнутдинов — Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген (14 гол). Бақтиерге дейін бұл көрсеткіш бойынша 15 жыл бойы жартылай қорғаушы Руслан Балтиев көш бастап тұрған еді.

Айта кетейік, жақында Қазақстан құрамасы бас бапкер Станислав Черчесовпен қош айтысты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie