Барселона тағы бір ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартады
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Каталониялық клуб жас қорғаушы Пау Кубарсимен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартады, деп жазады Фабрицио Романо.
Қос тарап арасында толық келісім бар. Футболшы 18 жасқа толған кезде барлығы ресми түрде жүзеге асады. Жаңа шарт 2030 жылдың маусым айына дейін жарамды болады.
Бұған дейін, каталониялық клуб Пабло Гави (2030), Рональд Араухо (2031), Жерар Мартин (2028) және Педри (2030) сынды ойыншылармен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартқан еді.
18 жастағы қорғаушы осы маусымда клуб сапында барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 3 голдық пас берген.
Одан бөлек каталондық клуб Роберт Левандовскидің де келісімшартын ұзартатын болды.