locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барселона – Райо Вальекано – 1:0. Каталондықтар бірінші орынға жайғасты. Голдар және матчқа беунешолу

ФОТО: gettyimages.com

17-18 ақпанға қараған түні Барселонадағы "Олимпико" стадионында Ла Лига аясындағы 24-тур ойыны өтті. "Барселона" мен "Райо Вальекано" арасындағы кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз голды Роберт Левандовский пенальтиден соқты.

Бұл жеңістен кейін "Барселона" турнир кестесінде үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді. Каталондықтардың еншісінде 51 ұпай бар, бұл көрсеткіш "Реалдың" ұпайымен бірдей, бірақ "Барселона" өзара ойындардағы басымдығының арқасында көш бастап тұр. Қазіргі уақытта "Барселонаның" доп айырмасы – 65:25, ал "Реалдың" көрсеткіші – 52:23.

Келесі ойынында "Барселона" "Лас-Пальмаспен" кездессе, "Райо Вальекано" "Вильярреалға" қарсы ойын өткізеді.

Ла Лига. 25-тур. 18 ақпан

Барселона – Райо Вальекано – 1:0

Гол: Левандовский (28, пенальти)

Матчқа бейнешолу:

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie