«Барселона» Роберт Левандовскийтің болашағын анықтады
Клуб тәжірибелі шабуылшымен келісімшартты ұзартқысы келмейді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Барселона» 37 жастағы жұлдызды шабуылшы Роберт Левандовскийдің болашағына қатысты нақты шешім қабылдады.
El Gol Digital мәліметінше, клуб поляк шабуылшысын келесі маусымда команда сапында көргісі келмейді және осы жазда аяқталатын келісімшартын ұзартуға ниетті емес.
Дереккөзге сүйенсек, Левандовский, бас бапкер Ханси Флик және спорт директоры Деку арасында кездесу өткен. Сол кездесуде осы маусым аяқталғаннан кейін әріптестікті жалғастырмау туралы шешім қабылданған.
Роберттің орнына «Боруссиядан» Сера Гирассиді сатып алу жоспарланып отыр, бұл туралы бұрын да хабарланған.
Биылғы маусымда 37 жастағы шабуылшы Бундеслигада жеті ойынға қатысып, төрт гол соқты.