«Барселона» – «Реал Сосьедад». 26 қыркүйек. Онлайн қарау. Live трансляция
28 қыркүйекте Испания Ла Лигасының жетінші турындағы басты кездесулердің бірі – көшбасшылар қатарына кіретін «Барселона» өз алаңында сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген «Реал Сосьедадты» қабылдайды.
Ойын Астана уақыты бойынша 21:30-да басталады. Бұл матчты Қазақстанда Setanta Sports телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Кездесудің барлық ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында!
Қазіргі таңда «Барселона» мадридтіктерден екі ұпайға қалып келеді, бірақ бүгінгі жеңіс жағдайда бірінші орынға көтеріле алады. Каталондықтар Ла Лиганың ең нәтижелі командасы – олар 19 гол соғып, бар болғаны төрт гол жіберген.
Ал «Реал Сосьедад» чемпионаттың аутсайдерлерінің бірі саналады: алты турда олар небәрі алты гол соғып, тоғыз гол жіберді. Турнир кестесінде команда бес ұпаймен 17-орында тұр.