«Барселона» қорғаушысына жаңа келісімшарт дайындап жатыр
Эрик Гарсия 2030 жылға дейін келісімге қол қоюы мүмкін
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: x.com/TouchlineX
«Барселона» өз қорғаушысы Эрик Гарсияға жаңа келісімшарт дайындап жатыр, деп жазады футбол журналисі Николо Скира.
Дереккөздің мәліметінше, каталондықтар испаниялық футболшымен 2030 жылға дейін келісімшарт жасауға ниетті. Қазіргі қорғаныстың клубпен еңбек келісімі 2026 жылдың маусымына дейін жарамды.
Гарсия – каталон клубының түлегі. Биылғы маусымда 24 жастағы ойыншы негізгі құрамның тұрақты мүшесі атанды. Ол барлық турнирлерде 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Бұған дейін «Барселона» нидерландтық жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартқан болатын.