«Барселона» Ла Лигадағы соңғы матчында «Атлетикті» талқандады
Мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні Испания Примерасының соңғы 38-ші турында «Атлетик» Бильбао мен «Барселона» арасында Класико өтті.
Кездесудің басты қаһарманы «блаугранастың» шабуылшысы Роберт Левандовски болды - польшалық форвард 18-минутта дубль жасап, командасының жеңісіне кепілдік берді. Қосымша уақытта Дани Ольмо пенальтиді орындап, матчтың нүктесін қойды. Левандовскидің бірінші голы «Барселона» құрамындағы 100-ші гол болды. Сондай-ақ, каталондықтар 2016/17 маусымынан бері алғаш рет Ла Лига маусымында 100 гол көрсеткішін бұзды.
Ойын «Атлетик» үшін де символдық болды - басктар клубта 16 жыл өткізген капитаны Оскар Де Маркоспен қоштасты.
Осылайша, «Барселона» Ла Лиганың соңғы ойынында «Атлетикті» сенімді түрде жеңіп, маусымды 88 ұпаймен бірінші орында аяқтады. Басктар өз кезегінде 70 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.
Ла Лига. 38-тур. 26 мамыр
«Атлетик» - «Барселона» - 0:3
Голдар: Левандовски, 14, 18, Ольмо, 90+4 (пенальти).
