«Атлетик» - «Барселона» - 0:3. Левандовскидің төрт минутта жасаған дублі. Голдар және матчқа бейнешолу
Мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні Испания Ла Лигасының 38-ші турында Бильбаоның «Атлетик» клубы «Барселонаны» (0:3) қабылдады.
Есеп 14-минутта ашылды – «Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски Унаи Саймонмен бірге бір шығып, допты қақпашының үстінен көтеріп жіберді. Төрт минуттан кейін польшалық ойыншы дубль жасады. Бұл жолы Роберт бұрыштама добынан кейін баспен сәтті соққы жасады. Қосымша уақытта Дани Ольмо пенальтиді орындап, матчтың нүктесін қойды.
Нәтижесінде каталондықтар Ла Лиганың соңғы ойынында басктарды ұтты. Биылғы маусымда «Барселона» Ла Лигадағы 100 гол көрсеткішін тоғызыншы рет бұзды да, мұндай маусымдар саны бойынша мадридтік «Реалмен» теңесті.
Ла Лига. 38-тур. 26 мамыр
«Атлетик» - «Барселона» - 0:3
Голдар: Левандовски, 14, 18, Ольмо, 90+4.
Матчқа бейнешолу: