Банкроттық пен қайта өрлеуден өтті. «Ертіс» ҚПЛ-ға қайта оралды!
Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ертіс» ресми түрде элиталық дивизионға оралды.
«Хан Тәңіріні» 7:1 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін павлодарлық команда үшінші орында тұрған «Алтай» үшін қолжетпес болды.
Бұл әсерлі жеңісті командаға Тамерлан Ағиманов, Асқар Сатышев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Арман Кенесов, Руслан Есімов, Арман Смаилов және Владимир Воменко салған голдар сыйлады.
Павлодар клубы — Қазақстанның бес дүркін чемпионы. 2020 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты команда Қазақстан чемпионатынан шығып қалды. Сол жылдың өзінде клуб ресми түрде банкрот деп танылды. «Ертіс» 2023 жылы қайта жаңғыртылды.
Бұған дейін «Каспий» ҚПЛ-дағы орнын қамтамасыз еткен еді. Ақтау командасы Бірінші лигада көш бастап келеді, «Ертісті» екі тур қалғанда бес ұпайға озып тұр.
Бірінші лига, 24-тур
«Ертіс» - «Хан Тәңірі» 7:1
Голдар: Ағиманов 2, Сатышев, 42, Тұңғышбаев, 47, Кенесов, 55, Есімов 80, Смаилов, 82, Воменко, 89 – Тұңғышбаев, автогол, 40