Келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасының жаңа қатысушысы анықталды
«Каспий» үздік командалармен бірге КПЛ-да ойнайды
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Каспий
26 қыркүйекте Бірінші лиганың 23-тур аясында «Каспий» өз алаңында «Ақтөбе М» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан Бірінші лигасы. 23-тур
«Каспий» — «Ақтөбе М» — 3:1 (1:0)
Голдар: Конлимкос 35, Айтбаев 48, Серікбай 90+2 – Уманиязов 50.
Бұл жеңіс Ақтау ұжымына маусым аяқталмай жатып-ақ КПЛ жолдамасын жеңіп алуға мүмкіндік берді!
«Каспий» — Премьер-лига жолдамасының иегері!
Ақтаулық клубты осындай тарихи жетістігімен құттықтаймыз! «Каспий» маусым соңына дейін үш тур қалса да, келесі маусымда елдің ең үздік командаларымен жарысады.
Бұл табыс – команда ойынының тұрақтылығы мен жанкүйерлердің шынайы қолдауының айқын нәтижесі.
Қазір «Каспий» — чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі.