«Байер» Вирцті €130 млн-ға сатудан бас тартты
«Байер» клубының жетекші ойыншысы Флориан Вирц «Ливерпульдің» екінші ұсынысына қарамастан командада қалады. Белгілі журналист Кристиан Фальктің жазуынша, ливерпульдіктер неміс жартылай қорғаушысы үшін €130 млн ұсынған, алайда леверкузендік тарап бұл соманы аз деп есептейді — олар футболшы үшін кемі €150 млн сұрап отыр.
22 жастағы Вирц өткен маусымда 45 матчқа қатысып, 16 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Оның «Байермен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын €140 млн деп көрсеткен.
Айта кетейік, Флориан Вирцке сонымен қатар «Манчестер Сити» мен мадридтік «Реал» да қызығушылық танытып отыр. Дегенмен, Бундеслига чемпионы атанған және Еуропа лигасының финалына жеткен «Байер» өз көшбасшысынан оңайлықпен бас тартпайды.
«Зенит» Зайнутдиновтың клубтасы үшін €30 млн ұсынуға дайын.