Қазақстандық маман Чемпиондар лигасының беделді матчына тағайындалды
Қазақстандық футбол функционері Қуаныш Қанапиянов Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бірінші тур аясында өтетін праганың «Славиясы» мен француздың «Ланс» командасы арасындағы матчқа тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
УЕФА сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қанапиянов УЕФА делегаты қызметін атқарады. Оның міндетіне инфрақұрылым нысандарында регламент талаптарының сақталуын және қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ басқа да әкімшілік және ұйымдастырушылық мәселелерді бақылау кіреді.
Еске салайық, қазақстандық футбол функционерлері бұған дейін де УЕФА қамқорлығындағы беделді матчтарға тағайындалған. Мәселен, КФФ бас хатшысының бұрынғы міндетін атқарушы Александр Кеплин 2026 жылғы «Астон Вилла» мен «Фрайбург» арасындағы Еуропа лигасының финалында УЕФА делегаты болды.
Ел чемпионы атанып отырған праганың «Славиясы» мен Францияның қазіргі вице-чемпионы «Ланс» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында 11 қыркүйекке қараған түні кездеседі. Чехия астанасы Прагадағы «Эден Аренада» матчтың алғашқы ысқырығы Астана уақытымен дәл түн ортасында беріледі.
