locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ақтөбемен» жылы қоштасты

Оралхан Омиртаев клубпен келісімшарты аяқталған соң командадан кетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: KFF

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Омиртаев клубпен келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Ақтөбеден» кетті.

27 жастағы футболшы «Ақтөбемен» жылы қоштасып, өзінің Instagram парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады.

«Футбол клубы Ақтөбеге, барша жанкүйерлерге және осы жолда менімен бірге болған әр адамға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Көрсеткен қолдауларыңыз, сенімдеріңіз, эмоциялар мен ұмытылмас сәттер үшін рақмет. Бұл кезең мәңгі жүрегімде және жадымда қалады. Клубқа тек жеңістер, өрлеу мен үлкен табыстар тілеймін! Кездескенше!», – деп жазды Омиртаев.


Омиртаев «қызыл-ақтарға» 2025 жылдың басында қосылған болатын. Ол осы кезеңде барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Бұған дейін ақтөбелік клубтан ресейлік шабуылшы Идрис Умаев та кеткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie