«Ақтөбе» ресейлік форвардпен қоштасты
Ресейлік шабуылшы екі маусым және 65 матчтан кейін клубпен келісімшарты аяқталған соң командадан кетті
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: ФК Ақтөбе
Футбол клубы «Ақтөбе» ресейлік шабуылшы Идрис Умаевтың болашағына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 жастағы форвард командадан келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кетті.
Умаев «қызыл-ақтарға» 2023 жылғы маусымның басында қосылып, осы уақыт аралығында барлық турнирде 65 матч өткізді. Оның еншісінде 11 гол мен 12 нәтижелі пас бар.
«Ақтөбе» сапында шабуылшы екі мәрте Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Бұған дейін Идрис Умаевқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Вьетнам клубтары тарапынан қызығушылық бар екені хабарланған болатын.