Қазақстан әйелдер су добынан құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандық қыздардың еншісінде үш ұпай бар
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстан әйелдер су добынан құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорт түрлерінен Азия чемпионатында топтық кезеңдегі соңғы кездесуін өткізді.
Қазақстандық команда Қытай құрамасына қарсы ойнады. Қарсыластар 23:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық қыздардың еншісінде үш ұпай бар. В тобы аясында ватерполистер алдымен Таиландқа (12:14) есе жіберсе, кейін Гонконгтан (21:10) басым түсті. Құрама үшінші орынмен ширек финалға жолдама алды.
Бұған дейін қазақстандық синхронист қыздар Азия чемпионатында артистік жүзуден күміс жүлдеге ие болған еді.