Қазақстан - Бельгия - 1:1. Екінші тайм
Бельгиялықтар екінші таймның басында есепті теңестірді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Трансляциядан скриншот
Қазақстан құрамасы өз алаңында өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бельгиядан екінші тайм басында жауап гол жіберіп алды.
Бірінші таймнан кейін Талғат Байсуфиновтың командасы сенсациялық түрде жеңіп жатты Еуропа футболының алпауыттарының бірі — Бельгияны. 9-минутта Дастан Сатпаев әсем гол соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды — 1:0.
Екінші тайм басында Ванакен айып алаңына берілген пасты баспен ұтымды аяқтап, Анарбековтың қақпасына гол салды.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі.
Қазақстан – Бельгия – 1:1 (1:0)
Голдар: Сатпаев, 9 (1:0), Ванакен, 47 (1:1).