Қазақстан алғашқы таймнан кейін Бельгияны сенсациялық түрде жеңуде
Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ең маңызды ойындарының бірін өткізіп жатыр – "Астана-Аренада" Бельгияны қабылдауда. Бірінші тайм қорытындысы бойынша Талғат Байсуфиновтің командасы Еуропа футболының алыптарының бірін сенсациялық түрде жеңіп жатыр.
Ойынның 9-минутында Дастан Сатпаев әсем гол соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды – 1:0.
Бірінші тайм бойы қазақстандық команда өзіне сенімді ойнады, голдан кейін қорғанысқа жабыспай, шабуылда белсенділігін көрсетті.
Алда тағы 45 минут. Тікелей эфир – Qazsport телеарнасында.
Ойынның ең қызықты сәттері тікелей эфирде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді!
Бұл кездесуге Бельгия фаворит ретінде келді: алдыңғы турда олар Уэльсті 4:2 есебімен жеңген болатын.