«Атлетико» сенімді жеңіске жетіп, клубтық әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайын алды
Мадридтік «Атлетико» клубтық Әлем чемпионатының екінші турындағы матчта АҚШ-тың «Сиэтл» командасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесу Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өтті.
11-минутта Пабло Барриос есеп ашты. Бұл гол бірінші таймдағы жалғыз нәтиже болды. Екінші таймның басында алаңға шыққан бельгиялық жартылай қорғаушы Аксель Витсель есепті 2:0-ге жеткізді. «Сиэтл» Альберт Руснактың голының арқасында бір доппен жауап қатқанымен, араға көп уақыт салмай Барриос дубль авторы атанып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. B тобы. 2-тур. 20 маусым
«Сиэтл» (АҚШ) – «Атлетико» (Испания) – 1:3
Голдар: Руснак 50 – Барриос 11, 55, Витцель 47.
Осылайша, «Атлетико» алғашқы үш ұпайын еншіледі және B тобында 3-орынға көтерілді. Ал «Сиэтл» екі турдан кейін ұпайсыз соңғы орында қалып отыр.
«Ботафого» клубтық әлем чемпионатында ПСЖ-ны сенсациялық түрде жеңді.