locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ботафого» клубтық әлем чемпионатында ПСЖ-ны сенсациялық түрде жеңді

Бразилиялық клубты жеңіске Игор Жезус 36-минуттағы голымен жеткізді
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Ботафого» клубтық әлем чемпионатында ПСЖ-ны сенсациялық түрде жеңді
ФОТО: Getty Images

19-шы маусымнан 20-шы маусымға қараған түні (Астана уақытымен) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Пасадена қаласында орналасқан «Роуз Боул» стадионында клубтық әлем чемпионаты – 2025 B тобындағы екінші тур матчы өтті.

Франциялық ПСЖ мен бразилиялық «Ботафого» арасындағы кездесуде 1:0 есебімен Рио-де-Жанейро клубы жеңіске жетті. Жеңіс голын 36-минутта Игор Жезус соқты.

Осы жеңістен кейін алты ұпай жинаған «Ботафого» B тобының көшін бастады. Үш ұпайдан жинаған ПСЖ мен «Атлетико» екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр. Ал «Сиэтл Саундерс» әзірге бірде-бір ұпайсыз соңғы орында.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. B тобы. 2-тур. 20 маусым

ПСЖ (Франция) – Ботафого (Бразилия) – 0:1

Гол: Жезус, 36.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: топтар құрамы, күнтізбе, матч нәтижелері.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie