locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико» көшбасшысының жобадағы қынжылысы оны «Барселонаға» жақындатады

Хулиан Альварес мадридтік клубтың бағытына күмәндануда
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Атлетико» көшбасшысының жобадағы қынжылысы оны «Барселонаға» жақындатады
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Атлетиконың» көшбасшысы Хулиан Альварес алдағы уақытта клуб ауыстыруды қарастырып отыр.

Diario SPORT-тың хабарлауынша, аргентиналық шабуылшы мадридтік клубтың қазіргі бағыты мен команданың даму жоспарына күмәндана бастаған.

Егер командада ірі титулдар үшін шынайы күрес мүмкіндігі болмаса, аргентиналық форвард басқа клубқа ауысу нұсқасын қарастыратыны айтылуда.

«Барселона» дәл осы сәтте ойыншыға да, оның айналасындағы жағдайға да жіті назар аударып отыр.

Еске сала кетейік, кеше «Атлетико» Чемпиондар лигасында «Арсеналдан» ауыр жеңіліске ұшырады. «Матрацшылар» Англияның вице-чемпиондарына 0:4 есебімен жол берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie