Балаларша ойнатты. «Арсенал» «Атлетиконы» тас-талқан етіп, Чемпиондар лигасындағы орнын нығайтты
21-нен 22 қазанға қараған түні Лондонның «Арсеналы» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур аясында өз алаңында мадридтік «Атлетикомен» кездесіп, айқын жеңіске жетті - 4:0.
Алғашқы таймда қос команда да сақ ойнағанымен, үзілістен кейін Микель Артета шәкірттері нағыз басымдық танытты. Есепті 57-минутта Габриэл ашып, арада бірнеше минут өткен соң Мартинелли таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Кейін Виктор Дьекереш қос гол соғып (67 және 70 минуттар), кездесудің тағдырын түбегейлі шешті.
Чемпиондар лигасы. 3-тур
«Арсенал» (Англия) – «Атлетико» (Испания) – 4:0 (0:0)
Голдар: Габриэл, 57 (1:0). Мартинелли, 64 (2:0). Дьекереш, 67 (3:0). Дьекереш, 70 (4:0).
«Арсенал» келесі ойынын 4 қарашада прагалық «Славияға» қарсы өткізеді, ал «Атлетико» 5 қарашада бельгиялық «Жиллуазбен» кездеседі.