«Атырау» клубындағы жаппай өзгерістер: команда он ойыншымен қоштасты


«Атырау» футбол клубы құрамында ауқымды кадрлық өзгерістер орын алғанын хабарлады – командадан бірден он ойыншы кетті.
Келісімшарттары бұзылған футболшылар қатарында қақпашы Санжар Ерниязов, орталық қорғаушылар Амандық Набиханов пен Мирам Сапанов, сол жақ қорғаушы Микаэль Аскаров, жартылай қорғаушылар Роман Чирков пен Сұлтан Сағынаев, сондай-ақ вингер Равиль Атықанов бар. Сонымен қатар үш шабуылшы – Едіге Оралбай, Шоқан Абзалов және Бағдәулет Зұлфиқаров командамен қош айтысты.
Клубтың ресми мәлімдемесінде:
«Бірқатар ойыншылар кәсіби жолын басқа командаларда жалғастырады. Олардың еңбегі мен үлесі үшін алғыс айтып, жаңа ұжымдарында сәттілік тілейміз», – делінген.
22 маусым күні бас бапкер Денис Мамоновтың да қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды. Бұл өзгерістер Премьер-лигадағы өте сәтсіз маусым аясында жүзеге асып отыр — 15 турдан кейін «Атырау» турнир кестесінің соңында тұр, еншісінде бар болғаны төрт ұпай.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11