«Атырау» екі легионермен келісімшарттарын бұзды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Атырау
«Атырау» футбол клубы екі грузиялық легионермен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Грузин футболшылары Гиорги Гадрани мен Гиа Чадунели өзара келісім бойынша «мұнайшылардан» кетті.
«Атырау» футбол клубы бұл ойыншыларға командаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді», - делінген клуб хабарламасында.
Гадрани клубқа жыл басында келіп, Қазақстан чемпионатында сегіз ойын өткізіп, екі рет алаңнан қуылып, бір нәтижелі пас берді. Чадунели дәл осы кезеңде «Атырауға» келіп, бір нәтижелі пас берді. Оның алты ойынында бір ойыннан шеттетілгені бар.
Бұған дейін «Атырау» жаңа бас бапкер – 43 жастағы қазақстандық маман Денис Мамоновты таныстырған болатын.