locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін анықтады – команданы Вячеслав Левчук басқарды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін анықтады – команданы Вячеслав Левчук басқарды
ФОТО: fcaktobe_official инстаграм парақшасынан

Беларусь маманы Вячеслав Левчук «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды, деп хабарлады Aladop.kz.

Бұған дейін Левчук уақытша бас бапкер қызметін атқарған болатын. Оның жетекшілігімен команда үш матч қатарынан жеңіске жетіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Осы жетістіктерден кейін клуб басшылығы оған сенім білдіріп, тұрақты түрде бас бапкер қызметін ұсынды. Белгілі болғандай, Левчук сынақ мерзімінен сәтті өтіп, өз орнын ресми түрде бекітті.

Бұған дейін бас бапкер қызметіне Кайрат Нұрдаулетовтің келуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Ол жуырда Павлодардың «Ертіс» клубымен келісімшартын тоқтатқан болатын. Дегенмен, «Ақтөбе» клубы қазіргі маманмен жұмысты жалғастыруды жөн көрді.

Қазіргі таңда ақтөбеліктер 19 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie