Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбенің» бас бапкері атануы мүмкін
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: kairat_nur_006 инстаграм парақшасынан
Павлодарлық «Ертістің» бұрынғы бас жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбе» клубының тізгінін ұстауы ықтимал, деп хабарлады Match KZ Telegram-арнасы.
9 мамыр күні «Ертіс» клубы 42 жастағы маманмен келісімшарттың аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді.
Нұрдәулетовтің басшылығымен павлодарлық команда Бірінші лигада сәтті бастады – төрт жеңіске жетіп, бір кездесуде тең ойнады. Қазір «Ертіс» 13 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу», «Мақтаарал» клубтарын және Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған. Сонымен қатар, ол «Астана» мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына көмекші ретінде енген.