locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ақтөбе» өз алаңындағы алғашқы матчта «Ұлытауды» минималды есеппен ұтты

ФОТО: fcaktobe_official инстаграм парақшасынан

26 сәуір күні Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турында «Ақтөбе» өз алаңында «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңді.

Бұл матч «Ақтөбе» үшін биылғы маусымдағы Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен алғашқы ойын болды. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, алаңда нағыз футбол атмосферасы орнады.

Ойынның жалғыз голын 76-минутта Жайро Жан соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 13 ұпай жинап, «Елімаймен» бірге екінші орынды бөлісіп тұр. Ал Премьер-Лиганың жаңа командасы «Ұлытау» екі ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалды.

ҚПЛ. 6-тур

«Ақтөбе» – «Ұлытау» – 1:0

Гол: Жан,76

ФОТО: fcaktobe_official инстаграм парақшасынан
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie