locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» Украина құрамасының қорғаушысымен қызығуда

Ұлттық құрамада және Еуропа лигаларында ойнаған тәжірибелі футболшы
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Ақтөбе» Украина құрамасының қорғаушысымен қызығуда
ФОТО: УАФ

Жақында «Ақтөбе» жанкүйерлері басқа клубтардың белсенді трансферлік жұмыстарымен салыстырғанда, өз сүйікті командаларының тым баяу қимылдауына алаңдаушылық білдірген еді. Алайда, «Ақтөбеде» де жаңа ойыншылармен келісімшарт жасау бағытында жұмыс жүріп жатыр.

asnews.kz хабарлағандай, клуб назарын украиналық қорғаушы Тарас Качараба аударып отыр. Ол қазір Словакияның ДАК 1908 клубының намысын қорғайды. 30 жастағы орталық қорғаушы Дунайска Стреда ұжымымен 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырғандықтан, оның трансфері қашан және қандай шарттармен жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Айта кетерлігі, Качараба алғаш рет Украина ұлттық құрамасының сапына 2021 жылдың қыркүйегінде, Қазақстанмен сырт алаңдағы матчта (2:2) шақырылған болатын. Қорғаушы Александр Петраков жаттықтырған команда үшін барлығы үш ойын өткізді.

Бұдан бұрын «Ақтөбенің» назарына «Оқжетпес» клубының вингері Дамир Марат та іліккені туралы хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie