locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-дың үш клубы «Оқжетпес» көшбасшысын сатып алуға қызығушылық танытуда

Қазақстандық вингер Дамир Марат трансферлік нарықта назар аудартуда
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ҚПЛ-дың үш клубы «Оқжетпес» көшбасшысын сатып алуға қызығушылық танытуда
ФОТО: asnews.kz

«Оқжетпес» клубының вингері Дамир Маратқа ҚПЛ-дың бірден үш клубы трансферлік нарықта қызығушылық білдіруде.

Legalbet.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, қазақстандық футболшыға «Ақтөбе», «Тобыл» және «Қайсар» командалары қызығушылық танытып отыр.

25 жастағы Дамир биылғы ақпан айында «Оқжетпеске» ауысты. Аяқталған Премьер-лига маусымында вингер 25 матч өткізіп, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

2025 жылы Марат Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енгенімен, бас команда сапында әлі дебют жасаған жоқ.

Бұған дейін ҚПЛ клубтары «Оқжетпестің» бұрынғы қорғаушысын қайтаруға ұмтылып жатқаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie