Легионер «Ақтөбені» алдағы апталарда тастап кетуі мүмкін
Ресейлік шабуылшы Идрис Умаев алдағы апталарда «Ақтөбеден» кетуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Шабуылшыға бес бірдей чемпионаттың клубтары қызығушылық танытып отыр: Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Вьетнам.
26 жастағы ресейлік форвард көбірек ойын тәжірибе жинауды қалайды, сондықтан командасын ауыстыруға дайын екені айтылады.
Умаев «Ақтөбе» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы алғанда, Идрис «қызыл-ақтар» үшін 65 матч өткізіп, 11 гол соқты және 12 нәтижелі пастың авторы атанды. 2023/24 маусымында шабуылшы «Ақтөбе» сапында Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, 2023 жылы ресейлік футболшы қарағандылық «Шахтер» сапында да өнер көрсеткен. Ол кезде ол «кеншілер» үшін 15 матчқа қатысып, жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Украина құрамасының қорғаушысы «Ақтөбеге» ауыса ма, жоқ па белгілі болған еді.